Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6153 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Егiншiлiкті дамыту және фитосанитариялық қауiпсiздiк департаментi осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығымен (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) – өсiмдiктер сұрыптарының патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;
2) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға ұсынылатын мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – пайдалануға ұсынылған, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн ұсынылатын сұрыптарды, тұқымдарды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;
3) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады.
4. Тізбе Қазақстан Республикасында өсірілетін өсімдік сорттарын жүйелеу мақсатында және олардың ұлттық нарығын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының осы салада халықаралық ынтымақтастыққа кіруіне жағдай жасайды.
5. Мемтізбеге Мемкомиссия жүргізген мемлекеттік сынақ нәтижелері, өтініш берушінің деректері немесе сараптамалық бағалау негізінде Қазақстан Республикасында шаруашылыққа пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы және отандық және шетелдік селекциялы басқа да өсірілетін өсімдіктердің сорттары енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемкомиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттер жүргізген сынақ нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдалана алады.
6. Мемлекеттік сынау нәтижесі бойынша Мемтізбеге енгізілетін сорттардың өнімділігі стандарттардан жоғары болуы, негізгі ауруларға шыдамдылығы олардан төмен болмауы, немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын ерекше шаруашылық бағалы белгілері болуы тиіс.
7. Тұқым шаруашылығы саласынадағы уәкілетті орган құрған Мемтізбедегі өзгерістерді қарайтын және өзгеріс енгізетін республикалық комиссия, сорттың шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік немесе өтініш берушінің сынақ нәтижелері бойынша Мемтізбеге өзгерістер мен толықтырулар жөнінде шешімдер қабылдау үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныс береді.
8. Мемтізбеге енгізілетін өзгерістердің тізілімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі және Мемкомиссияның ресми бюллетенінде жарияланады.
9. Мемлекеттік тізбе мынадай мәліметтерді қамтиды:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 жылғы № 4-6/1154 Бұйрығына сәйкес (25.02.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте емес) 11.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)