"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1137 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № 65 қаулысымен (03.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.02.2015 жылғы № 18-04/120 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.01.2013 №65 қаулысымен (03.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 1137 қаулысымен бекiтiлген
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесi
Тізбенің атауы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.01.2013 № 65 қаулысымен (03.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Арал теңiзi (халықаралық маңызы бар)
2. Зайсан көлi, Бұқтырма, Шульба су қоймасы және Ертiс өзенi (халықаралық маңызы бар)
3. Каспий теңiзi (халықаралық маңызы бар)
4. Қиғаш өзенi (халықаралық маңызы бap)
5. Сырдария өзенi (халықаралық маңызы бар)
6. Жайық өзенi (халықаралық маңызы бар)
7. Iле өзенi және Қапшағай су қоймасы (халықаралық маңызы бap)
8. Есiл өзенi (халықаралық маңызы бар)
9. Шардара су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
10. Алакөл көлдер жүйесі (республикалық маңызы бар)
11. Балқаш көлi (республикалық маңызы бар)
12. Қ. Сәтпаев атындағы канал (республикалық маңызы бар)
Полная версия