1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек қана сот жүзеге асырады. Сот билiгi азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыруды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2000
Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы Конституциялық заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 20 желтоқсан N 2694.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 4-тармағы мен 82-бабының 5-тармағына сәйкес және сот-құқық реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
I Бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Сот билiгi
2. Соттар өздерiне тиесiлi билiктi ешкiмнiң еркiне қарамастан Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Республикадағы сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
4. Сот билiгi сот iсiн жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
5. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, өзге қаулылары, сондай-ақ олардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтiнiштерi Республиканың бүкiл аумағында барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. Оларды орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкелiп соғады.
2-бап. Сот жүйесi
1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесiн заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергiлiктi соттары (облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң Әскери соты), аудандық (қалалық), әскери соттар) құрайды. Ешбiр өзге органның, лауазымды адамның немесе өзге тұлғаның сот функцияларын өзiне алуға хақы жоқ.
2. Қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берiлмейдi.
3. Қазақстан Республикасында соттардың мамандандырылуы және осы мақсатта мамандандырылған: шаруашылық, салық, отбасылық, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi, әкiмшiлiк және басқа соттарды құру жүзеге асырылуы мүмкiн. Мамандандырылған соттардың, оларға осы Жарлықтың ережелерi қолданыла отырып, аудандық (қалалық) сот мәртебесi болады. 4. 2-баптың 4-тармағы алынып тасталған - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. 3-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi: 1) сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiмен; 2) сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген нысандарында сот билiгiн жүзеге асырумен; 3) соттардың бiрыңғай заңдарды қолдануымен; 4) соттарды құру тәртiбiмен; 5) Республиканың бүкiл аумағында заңды күшiне енген сот шешiмдерiнiң орындалу жүйесiмен; 6) барлық соттарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi. 3-бапта 1)-тармақша алынып тасталды, 2)-7) тармақшалар 1)-6) тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.07.01. N 143 Заңымен. 4-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң негiзгi принциптерi
Республикадағы соттар қызметi заңдылық, судьялардың тәуелсiздiгi, баршаның заң және сот алдындағы теңдiгi, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, iстердi қараудың жариялылығы принциптерiнiң негiзiнде құрылады.
5-бап. Сот арқылы қорғалу құқығы
1. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге тұлғалардың Республиканың Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген жолсыз шешiмдерi мен iс-әрекетiнен сот арқылы қорғалуына кепiлдiк берiледi.
2. Ешкiмдi заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiк сақтала отырып құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сотта iсiнiң қаралуы құқығынан айыруға болмайды.
3. Барлық соттарда және сот iсiн жүргiзудiң кез келген деңгейiнде бiлiктi заң көмегiмен қорғауға кепiлдiк берiледi.
4. Сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралуға тиiстi өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды ешбiр басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай алмайды немесе бақылауға ала алмайды.
6-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi
Полная версия