Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн қызметтерінің тізбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 ақпандағы N 193 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 77 Бұйрығын қараңыз
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2003 жылғы 24 ақпандағы
 N 193 қаулысымен бекiтiлген
Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн қызметтерiнің тiзбесi
1. Теңiз портының күшiмен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсiру жұмыстары. 
2. Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және/немесе өзге де мақсаттарда кiруi үшiн қызметтер (кеме кiрiсi): 
1) корабельдік - кемеге теңiз портына кiрудi және одан шығуды ұсыну; 
2) маяктік - кеменің порт айдынына кiруi кезiнде навигация және порт байланысы құралдарымен навигациялық қызметтер ұсыну; 
3) арнамен өткен үшiн - кеменің айлаққа өтуi үшiн арнаны ұсыну; 
4) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүктік және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну; 
5) зәкiрлік - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну; 
6) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегіштер жұмысы; 
7) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау; 
8) карантиндiк - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қамтамасыз ету бойынша теңiз портының қызметтер көрсетуі; 
карантиндік жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсыну; 
теңіз порты аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстау; 
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшiмен кемiргіштер мен жәндiктердi алдын-ала жою.
Полная версия
ИС BestProfi