2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 71 қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2015 жылғы № 18-02/43 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi енiн белгiлеу ережесі бекiтілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекiтiлген
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiне (бұдан әрі – тыйым салу белдеулері) осы су объектілеріне мемлекеттік орман қорының іргелес аумағы жатады, онда су ресурстарын сақтауға және жинауға, су объектілерінің ластануына, былғануына және батпақтануына жол бермеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау мақсатында орман пайдалануды шектеудің тапсырыстық режимі белгіленеді.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Тыйым салу белдеулерiнiң енi, оларды пайдалану режимi орман орналастыру кезiнде су объектiлерiнiң балық шаруашылығы маңызы мен экологиялық жай-күйi ескерiле отырып, физика-географиялық, топырақ гидрологиялық және басқа да шарттар басшылыққа алынып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган бекiтетiн орман орналастыру жобаларымен белгіленедi.
4. Жайылмасыз өзендерде немесе кәдімгідей жайылмасы жоқ өзендер учаскелерiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi орташа көпжылдық межелi су деңгейiнiң мөлшерi бойынша, ал су арнасы сағаларға тармақтанып кетсе, сыртқы сағаның жағалауы бойынша осы нормативпен анықталады. Өзен енi 1 километрден астам жоғары көтерiлген өзен аралығын қамтитын сағаларға бөлiнiп кетсе, әрбiр сағаның жағалаулары бойынша тыйым салу белдеулердiң енi осы өзеннiң қалған бөлiгiнде қалай болса, дәл солай белгiленедi.
Анық білiнiп тұрған жайылмасы бар өзен бойында тыйым салу белдеулерінiң енi жайылманың енiнен және енi осы Ережеге сәйкес айқындалатын оған жанасқан белдеудiң енiнен тұрады.
Жағалауларында тыйым салу белдеулерi оқшау көрiнетiн өзендердiң басталар тұсында бұл белдеулердiң құрамына осы өзен жағалаулары бойынша белгiленген тыйым салу белдеуiнiң енiне тең радиуста өзеннiң басталар тұсындағы аумақ енгiзiледі.
Тыйым салу белдеуiнiң сыртқы шекарасын белгiлегенде ол мүмкiндiгiнше табиғи шептермен немесе орамдық орман жолдарымен, бөлiнiстер шекарасымен ұштастырылады, бұл ретте шекара өзеннiң су жинайтын алаңының шегiнен шығып кетпеуi тиiс, яғни бұл жағдайда ол су бөлетiн шекара бойымен өтедi.
5. Көлдер мен арналы су қоймаларының, каналдардың төңiрегiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi оларға келiп құйылатын немесе олардан ағып шығатын өзендердің бойында бөлiнген белдеулерге тең белгіленедi.
Көлдерге, су қоймаларына немесе каналдарға бiрнеше өзен келiп құйылатын немесе ағып шығатын жағдайларда су қоймасы, канал бойындағы тыйым салу белдеуiнiң енi ең кең арналы өзен бойынша қабылданады. Су қоймасы, канал бойындағы тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы судың бiрқалыпты толық деңгейiнiң мөлшерiмен, ал көлдер бойында – орташа көпжылдық су деңгейiнiң мөлшерiмен өтедi.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. Шағын өзендер (200 километрге дейiн) және шаруашылық жүргiзудiң қарапайым жағдайлары қолданылатын және экологиялық жағдайы қолайлы өзендер үшiн әр жағалау бойынша тыйым салу белдеулерiнiң ең тар енi - 500 метр мөлшерде белгiленедi.
7. Су жинағыштағы экологиялық жағдай шиеленiскен кезде балық шаруашылығындағы маңызы зор өзендер, су қоймалары мен каналдар үшiн қоса берiліп отырған қосымшаға сәйкес тыйым салынған белдеулерiнiң енi әр жағалаудан 1000 метр мөлшерінде белгiленедi.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Қотармалы су қоймалары, каналдар мен басқа да көлдер бойындағы тыйым салу белдеулерінің енi мынадай мөлшерде белгiленедi:
1) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрге дейiн болса – 300 метр;
2) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрден асып кетсе – 500 метр.
Осы көлдер үшiн тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы орташа көпжылдық су деңгейiнiң жырығы бойымен өтедi.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
9. Осы Ережемен белгiленген тыйым салу белдеулерiнiң мөлшерi мен шекарасы қажет болған жағдайда орман орналастыру кезiнде нақтылануы мүмкін.
Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiне қосымша
Ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеуге арналған су айдындарының тiзбесi
Тізім жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (23.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Су айдындарының (өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар) атауы | Өзендер келiп құйылатын су айдындарының атауы |
1 | 2 |
Өзендер _____________________________________________________________________
Жайық Каспий теңiзi
Қиғаш Каспий теңiзi
Көшім Жайық
Шаған Жайық
Утва Жайық
Елек Жайық
Өр Жайық
Ертіс Обь
Уба Ертіс
Үлбі Ертіс
Қара Ертіс Бұқтырма су қоймасы
Бұқтырма Бұқтырма су қоймасы
Күршім Бұқтырма су қоймасы
Қалжыр Қара Ертіс көлі
Алқабек Қара Ертіс көлі
Белөзек Қара Ертіс көлі
Аққоба Қаба көлі
Тополевка Марқакөл көлі
Тобыл Ертіс көлі
Eсіл Ертіс көлі
Аягөз Балқаш көлі
Ақсу Балқаш көлі
Қаратал Балқаш көлі
Лепсі Балқаш көлі
Іле Балқаш көлі
Сырдария Арал теңізі
_____________________________________________________________________
Көлдер, су қоймалары және каналдар
_____________________________________________________________________
Марқакөл көлі
Балқаш көлі
Қошқаркөл көлі
Жалаңашкөл көлі
Сасықкөл көлі
Бұқтырма су қоймасы
Өскемен су қоймасы
Новошульба су қоймасы
Сергеевка су қоймасы
Вячеслав су қоймасы
Қапшағай су қоймасы
Сәтбаев атындағы канал
Үлкен Алматы каналы
____________________________________________________________________
Полная версия