Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1387 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: 
1) 2-тармақтағы "мемлекеттiк комитетiне" деген сөздер "орталық атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережеде: 
мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттің", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң",  "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттiк комитеттің" деген сөздер тиiсiнше "төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру;"; 
мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын: 
"төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртiбiн айқындау; 
мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру;"; 
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы; 
өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары;"; 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мынадай комиссиялар құрылады: 
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия; 
облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссиялары; 
Полная версия
ИС BestProfi