«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 35) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 713 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 323 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 713 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) стандарттарын және ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының барлық азаматтық авиация ұйымдарына қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібі:
1) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібін;
2) құстардың шоғырлануын туғызатын жағдайларды айқындауды және жоюды;
3) күрделі орнитологиялық жағдайда ұшу кезінде экипаждарға орнитологиялық жағдай туралы хабарлаудың және азаматтық әуе кемелері экипаждарының іс-қимыл тәртібін қамтиды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) авиациялық орнитология - ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде фаунаны, экологияны, құстардың қарекетін және өрісін зерделеумен, сондай-ақ құстардың әуе кемелеріне соқтығысуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысатын жалпы орнитологияның қолданбалы пәні;
2) орнитологиялық жағдай - қандай да бір уақыт аралығында құстардың жерде (суда) және әуе кеңістігінде болуы;
3) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету - құстардың әуе кемелеріне соқтығысуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені;
4) құстар тобы - ұзақ уақыт кезеңі ішінде ортақ тіршілік ету кеңістігіне ие болатын дарақтар жиынтығы.
4. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты әуеайлақ пайдаланушысының қызметі әзірлейді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1429 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия