2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, Астана, Алматы қалалары және облыстар әкімдері Іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 Өкімі
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығына жүктелсін.
5. Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы М. Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 өкімімен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны | Орындау үшін жауаптылар | Орындауға бақылау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі нығайту және дамыту | |||||
1. | ҚХА-ның XIX сессиясындағы Мемлекет басшысы сөзінде белгіленген қағидаттарды ескере отырып ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі стратегиясын пысықтау және қабылдау | 2012 жылдың соңына дейін | Жарлық жобасы | ҚХАХ, МАМ | ҚХАХ |
2. | Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары меңгерушілерін тәжірибелі және беделді мамандардан жасақтау | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ | ҚХАХ |
3. | Астана және Алматы қалалары, облыстар ҚХА хатшылықтары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері ҚХАХ | ҚХАХ |
4. | Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастық тәжірибесін облыстық мәслихаттар деңгейінде тарату | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, Астана және Алматы қалалары, облыстар мәслихаттары хатшылары, ҚХАХ | ҚХАХ |
5. | Жоғары оқу орындарының, ұлттық компаниялардың және кәсіпорындардың ірі ұжымдарында, оның ішінде республиканың қалалары мен аудандарында ҚХА-ның жаңа жұмыс нысандары тәжірибеге енгізу | 2012 жылғы 1 қазанға дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | БҒМ, ЭДСМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚХАХ | ҚХАХ |
6. | Этносаралық және конфессияаралық саланы зерттеу орталығының штатын кеңейтіп, ресурстық және кадрлық әлеуетін күшейту, оны зерттеу жүргізуге арналған тапсырыстармен қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін | ҚР ПӘ есеп | МҚІА, БҒМ, МАМ, ЕХӘҚ, ІІМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
7. | Мемлекеттік этносаясатты іске асыру және Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастарды реттеу жөніндегі тренингтер өткізуді жалғастыру | 2012 - 2013 жылдар ішінде | ҚР ПӘ есеп | МҚІА, ҚХАХ Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ҚХАХ |
8. | 30 жылдардың басындағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығына және жаппай саяси қуғын-сүргіндердің 75-жылдығына арналған шараларға ҚХА-ның қатысуын қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | ҚР ПӘ ессп | ҚХАХ, МАМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ҚХАХ |
9. | Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін Еуропаның (Чехия, Словакия, Швецария, Германия) жетекші университеттерінің оқу бағдарламалары арқылы халықаралық деңгейде кеңінен таратуға қолдау көрсету | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | ҚР ПӘ есеп | СІМ, БҒМ, МАМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
10. | Кітапхана қоры мен ҚХА-ның депозитарийіне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының электрондық порталын қолдау жөнінде шаралар қабылдау | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, МАМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
11. | ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы орталық базасында Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу халықаралық орталығын құру мүмкіндігін зерделеу | 2013 жылғы 1 ақпанға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, МҚІА, ҚХАХ | ҚХАХ |
12. | Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу (Малайзия тәжірибесі үлгісінде) | 2013 жылғы 1 ақпанға дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | БҒМ | ІСБ |
2. Әлеуметтік жаңғыру және жастар саясаты | |||||
13. | Жастарды күмәнді діни топтардың ықпалынан сақтайтын тиімді шаралар кешенін әзірлеу | 2012 жылғы 1 қазанға дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | ДІА, БҒМ, МАМ, ҰҚК, БП, ІІМ | ІСБ |
14. | Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге ҚХА-ны тартуды және жергілікті жерлердегі өзара іс-қимылдың этносаралық және дінаралық барлық аспектілерін есепке алуды қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, ЭДСМ, ҚХАХ | ҚХАХ |
15. | Базалық кәсіпорындар тізбесін айқындап және жұмысшы мамандарды әзірлеудің екіжақты үлгісін біртіндеп енгізудің жоспарын әзірлеу | 2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, БҒМ, ИЖТМ, ЕХӘҚМ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | ӘЭМБ |
16. | Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | Тұжырымдама жобасы | ПМК, БҒМ, ММА, ЭДСМ, ӘдМ, ЕХӘҚМ, ҚМ, ИЖТМ, АШМ, ДСМ, ҚТКШІА, СДША, ДІА, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ІСБ, ӘЭМБ, СӘТО |
17. | Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заңнаманы жаңарту | 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, БҒМ, ИЖТМ, ЕХӘКМ, ДСМ, АШМ | ІСБ, ӘЭМБ |
18. | БҒМ құрылымында Жастар саясаты жөніндегі комитет, ал өңірлерде - тиісті басқармалар құру | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | комитет және басқармаларды құру туралы есеп | ПМК, БҒМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘдМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ІСБ, ӘЭМБ, МБАҰЖБ |
19. | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің жастар ісі жөніндегі өңірлік кеңестерге өзінің төрағалық етуін қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ есеп | Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | МБАҰЖБ, ІСБ |
20. | Жастар үшін әлеуметтік көтергіштер қалыптастыратын заңнамалық және әлеуметтік экономикалық шаралардың жүйелі пакетін дайындау | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК | ІСБ |
21. | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы мәселені пысықтау | 2012 жылғы 1 шілдеге дейін | ҚР ПӘ ұсыныс | ПМК | ІСБ |
22. | «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясын әзірлеу және бекіту | 2012 жылғы 1 қарашаға дейін | ҚР ПӘ ақпарат | "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ІСБ |
23. | «Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіруге, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға белсенді қатысу | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ есеп | ҚХАХ, ҚМ, ЭДСМ, МАМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ҚХАХ |
24. | Индустрияландыру бағдарламасы мен экономиканы жаңғыртуды іске асыру аясында жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттарын сақтауына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ есеп | "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ҚХАХ |
25. | Жұмысқа орналасу және оқу орындарына түсу кезінде туыстық, жершілдік және жеке адалдық, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен күресті күшейту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету | 2012 жылдың соңына дейін | ҚР ПӘ баяндама | ПМК, МҚІА, БҒМ, ЕХӘҚМ, ЭҚСЖҚКА | ҚҚЖБ |
26. | Спорттық объектілер мен ғимараттардың, сондай-ақ білім беру мекемелерінде спорттық кешендердің азаматтар үшін кешкі уақытта және демалыс күндері қолжетімді болуын қамтамасыз ету | 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін | ҚР ПӘ ақпарат | СДША, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері | ІСБ |
27. | Әзірленіп жатқан «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясынада келесі шарттарды: жалдау ақысын тұрғын үй құнына қосуды, төлем қабілеттілігін, жастарға басымдық беруді ескере отырып жалға алу арқылы кейіннен құнын төлеп сатып алудың ашық тетіктерін қарастыру | 2012 жылғы маусым | ҚР ПӘ ақпарат | ҚТКШ, ЭДСМ, ҚМ, ЕХӘҚ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) | ӘЭМБ, МБАҰЖБ |
28. | «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы аясында жастардың Мемлекет басшысымен кездесуін қамтамасыз ету | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | Кездесулер өткізу туралы есеп | МАМ, БҒМ, Қазақстанның Азаматтық альянс (келісім бойынша) | ІСБ, ҚХАХ |
29. | Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының, депутаттардың жастар, әсіресе студенттер алдында жүйелі түрде сөз сөйлеуін ұйымдастыру | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | ҚР ПӘ есеп | ПМК, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің аппараттары, БҒМ, Астана және Алматы қалалары әкімдері | ІСБ, МБАҰЖБ |
30. | Президенттің - ҚХА Төрағасының XIX сессияда берген тапсырмаларының орындалуына қоғамдық бақылау орнату | 2013 жылғы 1 сәуірге дейін | ҚХАХ Кеңесіне есеп | ҚХАХ, "Нұр Отан" ХДП (келісім бойынша) | ҚХАХ |
Ескертпелер: Аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
«Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӘдМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ӘЭМБ — Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ДІА - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ҚҚЖБ - Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімі
ҚМ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
ҚХАХ - Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
МБАҰЖБ - Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
СӘТО - Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы
СДША - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі
СІМ -Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІСБ - Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ЭҚСЖҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Полная версия