Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.06.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 желтоқсан N 1822
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: Электр энергиясын пайдалану ережесі; Жылу энергиясын пайдалану ережесі; Коммуналдық қызмет көрсетулерді ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 қаулысымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже энергия өндiретiн, энергиямен жабдықтайтын және энергия беретiн ұғымдардың энергияны тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасын және рыноктағы қуатты айқындайды. 
2. Тұрмыстық тұтынушылар мен кондоминиум объектiлерiн энергиямен жабдықтауға байланысты мәселелер коммуналдық қызмет көрсету ережелерiмен реттеледi. 
Коммуналдық қызмет көрсету ережелерiнде қамтылмаған, тұрмыстық тұтынушылар мен кондоминиум объектiлерiн энергиямен жабдықтауға байланысты мәселелер осы Ереженiң тиiстi баптарымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi. 
Ереже рыноктың барлық қатысушылары үшiн, олардың меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, мiндеттi. 
Электр қуаты мен электр энергиясы рыноктағы тауар болып табылады. 
3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар: 
Энергиямен қамтитын ұйымның абонентi - электр қондырғылары энергия беретiн ұйымның желiлерiне тiкелей қосылған, электр желілерiнiң баланстық бағыныштылығы жағынан онымен шекарасы бар, электр энергиясын пайдалану құқығы мен шарттары энергиямен жабдықтайтын ұйыммен шартталған тұтынушы (жеке және заңды тұлға). 
Авариялық бронь - электрмен үздiксiз жабдықтау объектiлерiне берiлуi олар үшiн қондырғыларды сақтайтын және объектiлердiң жұмысының бұзылуын болдырмайтын, сондай-ақ апаттық, экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптардың немесе адам өлiмiне жол бермейтiн ең аз қажеттi электр қуаты. 
Энергожүйенің электр энергиясының балансы - энергожүйедегі электр энергиясын тұтынудың, электр желiлерiндегi оның өз мұқтаждарына кететiн шығынының басқа энергожүйелерден қуаттың ағып келуiн есепке алғандағы энергожүйедегi электр энергиясын өндiру мөлшерiне сәйкестiлiгiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесi. 
Блок-станция - электр жүйесiнде жұмыс істейтiн және оның диспетчерлiк қызметiн жедел басқаратын, бiрақ ведомстволық бағыныштылығы бойынша кәсiпорындар жүйесінiң қатарына кiрмейтiн электр станциясы. 
Электр желiсiнiң баланстық бағыныштылық шекарасы энергия беретiн ұйымдар мен абонент арасындағы электр желiсiн бөлетiн, электр желiсiнiң баланстық бағыныштылығы немесе шартпен айқындалатын нүкте. 
Тұтынушының энергоқондырғысын жүктеу кестесi - тұтынушының электр қондырғысының уақыт iшiндегi қисық өзгеруi. 
Технологиялық бронь - технологиялық процестердi аяқтау үшiн тұтынушыға қажеттi қуаты. 
Шартты қуат - энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен қамтуы шегiне жеткен кезеңдегi абоненттің электрмен жабдықтаушы ұйыммен келiсiлген есептiк сағаттық қуаты. 
Есепке алудың бақылау құралы - көрсеткіштерi негiзiнде сол желi нүктесiндегi бақылау үшiн пайдаланылатын электр энергиясының шығыны айқындалатын есепке алу құралы. 
Энергоқондырғының (энергоқондырғылардың топтары) жүктеме шегi - энергоқондырғының тұтынушыны (энергоқондырғылардың топтары) белгiленген уақыт аралығында жабдықтауының барынша мәнi. 
белгiленген уақыт аралығына күн, апта, ай, жыл алынады. 
Полная версия
ИС BestProfi