Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 1195 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " 2000 жылғы 7 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған "Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 22 желтоқсандағы
 N 1195 қаулысымен
 бекітілген
"Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптарға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің (бұдан әрі - Техникалық регламент) объектілері, бұдан әрі "таразылар" деп аталатын дененің массасын анықтау үшін қызмет ететін барлық автоматты емес салмақ өлшейтін аспаптар болып табылады. 
Осы Техникалық регламенттің талаптары: 
1) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында пайдаланылатын; 
2) мемлекеттік метрологиялық бақылау саласынан тыс пайдаланылатын таразыларға қолданылады. 
Таразыларды бірдейлендіру осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасына сәйкес осы Техникалық регламенттің қолданысы қатысты болатын өнімнің тізбесін пайдалану, оларды таңбалау және олармен дененің массасын белгілеу жолымен жүргізіледі. 
2. Осы Техникалық регламент таразыларды қолдана отырып, орындалған өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әрі Қазақстан Республикасының экономикасын қорғауға бағытталған. 
3. Аулақ жүру жөн болатын негізгі қауіпті фактор (қатер) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін таразыларды пайдалану болып табылады. 
4. Осы Техникалық регламенттің талаптары кейіннен әкете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына өлшем мақсаттарынсыз таразыларды уақытша әкелуді көздейтін көрмелер, ғылыми симпозиумдар мен басқа да іс-шараларды жүргізу кезеңінде әкелінетін таразыларға қолданылмайды.
5. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы " 2000 жылғы 7 маусымдағы және " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарымен белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады: 
1) автоматты емес салмақ өлшейтін аспап - өлшеу барысында оператордың іс-қимылын (қатысуын) талап ететін гравитациялық жүктеменің әсер ету жағдайында дененің массасын анықтауға (осы денеге ауырлық күшінің әсерін пайдалану жолымен) арналған өлшем құралы; 
Полная версия
ИС BestProfi