Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2009
Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1313 қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 Қаулысымен.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар ормандарды ұдайы молайту және өрттен қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсімдіктерінің тектік қорын сақтау, киіктерді қорғау және олардың санын есепке алу үшін 2004 жылы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді жеткізушілер болып айқындалсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2003 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1313 қаулысына
 қосымша
Ормандарды ұдайы молайту және оларды өрттен қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсімдіктерінің тектік қорын сақтау, киіктерді қорғау және олардың санын есепке алу үшін 2004 жылы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді жеткізушілердің тізбесі 
р/с    Жұмыстар мен қызметтер    Жұмыстар мен      Жұмыстар мен 
N      көрсетуді жеткізушінің    қызметтер         қызметтер 
1.     ҚР АШМ Орман және         Алматы қаласы     Авиациямен 
2.     ҚР АШМ Орман және аңшылық Астана қаласы     Астана қаласының 
шаруашылығы комитетінің                     санитарлық қорғау 
3.     ҚР АШМ Орман және аңшылық Алматы қаласы     Орман орналастыру 
4.     ҚР АШМ Орман және аңшылық Алматы қаласы     Тұрақты ағаш 
шаруашылығы комитетінің                     тұқымы базасын 
"Алматы орман селекциялық                   қалыптастыру 
5.     ҚР АМШ Орман және аңшылық Алматы қаласы     Киіктерді қорғау 
шаруашылығы комитетінің                     және олардың 
"Аңжануарөнеркәсіп ӨБ"                      санын есепке алу 
Полная версия
ИС BestProfi