1. Қоса берiлiп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 27 маусымдағы N 635 қаулысымен бекiтiлген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
2. Осы Ережеде Заңмен белгiленген ұғымдар қолданылады.
3. Инжинирингтiк қызметтер жобалау-сметалық құжаттамада осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады және оларды бюджет қаражатынан қаржыландырылатын объектiлер бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тапсырыс берушi конкурстық негiзде сатып алады.
2. Инжинирингтiк қызметтердi ұйымдастыру
4. Тапсырыс берушi инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйымды (бұдан әрi - инженер) тартқан кезде осы Ереженi, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт ережелерiн басшылыққа алады.
5. Инженер шартқа қол қойылғаннан кейiн техникалық қадағалау және жобаны басқару үшiн ол құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ инженердiң атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушiге келiсуге ұсынады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2009 № 1468 Қаулысымен. (27.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Инженер тапсырыс берушiге өз қызметкерлерiнiң тiзiмiн, олардың мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн жазбаша түрде ұсынады.
3. Инжинирингтiк қызметтер көрсету
7. Инжинирингтiк қызметтердiң құрамына мыналар кiредi:
1) мердiгерлiк сауда-саттыққа қатысушылардың бiлiктiлiгiн анықтау және олардың ұсыныстарын бағалау кезiнде тапсырыс берушiге жәрдемдесу;
Полная версия