Близость слов: Окончание:





Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысы
Құжат мәтініндегі «АІЖК-нің» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 жылғы № 5 Нормативтік қаулысына сәйкес (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.05.2022 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «талап-арыз», «талап қою арызына», «талап-арызды», «талап-арыздың», «Талап-арыздың», «талап-арызының», «талап-арызын», «Талап-арыз», «талап-арыздар», «талап арыз», «талапкер», «талапкердiң», «талапкерге», «қойылған талапты», «талаптан», «дәлелдеу» деген сөздер тиісінше «талап қою», «талап қоюға», «талап қоюды», «талап қоюдың», «Талап қоюдың», «талап қоюының», «талап қоюын», «Талап қою», «талап қоюлар», «талап қою», «талап қоюшы», «талап қоюшының», «талап қоюшыға», «талап қоюды», «талап қоюдан», «уәждеу» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысына сәйкес (21.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 28.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сот актiлерiн шығаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
Кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Бірінші сатыдағы сот АПК-нің 21-бабының бірінші бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.
Бірінші абзац жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Заңды күшiне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшiн мiндеттi болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындалуға тиiс.
Екінші абзац жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АПК-нiң 223-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады.
Үшінші абзац өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Шешімнің мазмұны туралы АПК-нің 226-бабының талаптары іс жүргізудің барлық түрлері (оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу, талап қою ісін жүргізу, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу) үшін міндетті.
Төртінші абзац өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақтың төртінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-1. АПК-нің 267-4-бабының бірінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады.
Осы Нормативтік қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 жылғы № 5 Нормативтік қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.05.2022 жылдан бастап)
Соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптың мәлімделген жазбаша өтінішхаты бойынша сот кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын шешімді дайындауға міндетті.
Сот осындай шешімді өз бастамасымен де дайындауға құқылы.
АПК-нің 267-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындап беруге міндетті.
Уәждеу бөлігі бар шешім сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дайындалуы тиіс.
Дәлелді себептермен шешімнің уәждеу бөлігін дайындау мүмкін болмаған жағдайда, судья қол қойған кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын шешімге АПК-де белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
1-2. АПК-нің 27-1 және 28-1-баптарында облыстық және оған теңестірілген соттың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төменгі тұрған соттардың іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін (талап қоюдың нысанасы мен негіздері бойынша, субъектілік құрамы бойынша ұқсас) талап ету, өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарау және шешу құқығы бекітілген.
Осы Нормативтік қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 жылғы № 5 Нормативтік қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.05.2022 жылдан бастап)
2-1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (21.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоғары тұрған соттың істі талап етіп, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарауы үшін іс жүргізуінде іс жатқан сот тараптардың жазбаша келісімін алуға міндетті.
Егер тараптардың бірінің келісімі болмаса, сот істі талап ете алмайды, өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды.
Бір текті істердің бірін талап ету және оны қарау туралы мәселеге жоғары сатыда тұрған сот, іс жүргізуінде іс жатқан сот, сонымен қатар тараптар не тараптардың бірі бастамашылық етуі мүмкін.
Бір текті істердің бірі бойынша шығарылған шешімді соттар АПК-нің 226-бабы 5-1-бөлігіне сәйкес пайдалануы мүмкін.
2. Сот бұйрығы даусыз талаптар бойынша шығарылады, олардың түбегейлi тiзбесi АПК-нiң 135-бабында көрсетiлген және оның мазмұны АПК-нiң 140-бабының талаптарына сай келуге, сондай-ақ жауапкердің мәлiмделген талапқа оның қарсылығын беру тәртiбi мен мерзiмi туралы түсiндiрменi қамтуға тиiс.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 жылғы № 5 Нормативтік қаулысымен (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.05.2022 жылдан бастап)
3. Шешiм Қазақстан Республикасының атынан заңға және нақты іс  бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң сәйкестiкте шығарылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 16.03.2018 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.09.2018 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 10.09.2018 жылғы № 14 Нормативтік қаулысымен (16.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 21.04.2022 жылғы № 5 Нормативтік қаулысымен (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.05.2022 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (21.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi