Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы 
КЕЛІСІМ
ҚР 30.06.2010 жылғы 311-IV Заңымен ратификацияланды 
Осы Келісім қолданысын тоқтатты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартына сәйкес
Редакция 10.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа негізделе отырып,        төмендегілер туралы келісті:
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес:
кеден одағы кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ететін ақпаратпен алмасады;
кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізеді;
кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара таниды.
2-бап Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер
Осы Келісімде мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Қаржы министрлігі,
1-тармақ абзацпен толықтырылды 10.10.2014 жылғы Шартқа сәйкес (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі;
Армения Республикасы үшін - кедендер;
2-тармақ абзацпен толықтырылды 10.10.2014 жылғы Шартқа сәйкес (қолданысқа енгізу тәртібін Шарттың 6-бабынан қараңыз)
Беларусь Республикасы үшін - кедендер;
Полная версия
ИС BestProfi