Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1995 жылғы 10 қараша N 2600
#$ҚР Президентiнiң 26.03.1996. № 2918 жарлығын қарау керек.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қаржылық, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы таратылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы құрылсын, оған Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық Басқармасының мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер берiлсiн. 
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Қазақстан Республикасының Президентiне есептi және тікелей бағынатын мемлекеттiк орган болып табылады; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқарушысын   Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.
5.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4,5-тармақтардың күшін жойды ҚР Президентінің 21.04.2000. № 378 жарлығымен.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде: 
1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiн таратып, мүлкi мен iсiн басқару өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына беретiн болсын.  
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң және мемлекеттiк бюджетте тұратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды басқару субъектiсiнiң функцияларын табыстау туралы, сондай-ақ оған Қосымшаға сәйкес Тiзбе бойынша акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру туралы шешiм қабылдасын. 
7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы" 1994 жылғы 10 қазандағы N 1884 және "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2063 өкiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына соларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары табысталатын не олардың акцияларының мемлекеттiк пакетi оған басқаруға берiлетiн ұйымдардың тiзбесi
Үкiмет резиденцияларының бiрiккен дирекциясы, оның құрамында: 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы аппартаменттерi
Полная версия
ИС BestProfi