Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.06.2015
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 08.06.2015 жылғы № 422 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                             С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 18 ақпандағы
 № 146 қаулысымен
 бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары
1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу, уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәлік беруінің тәртібін айқындайды. 
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу — уәкілетті органның энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыруға заңды тұлғалардың құзыретін ресми тану рәсімі; 
2) аккредиттеу туралы куәлік — энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат; 
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) энергетикалық аудит - энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау; 
5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы - энергетикалық ресурстарды пайдаланумен және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді жүргізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын оңтайландырумен байланысты сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін сараптама; 
6) сараптамалық ұйым - энергоаудитор - өнеркәсіп кәсіпорындарының және (немесе) үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың энергия аудитін жүзеге асыруға уәкілетті орган аккредиттеген заңды тұлға; 
7) энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды сараптау жөніндегі сараптамалық ұйым - үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жоба алды және (немесе) жоба (жобалау-сметалық) құжаттарына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыруға уәкілетті орган аккредиттеген заңды тұлға.
3. Аккредиттеу энергия аудитін немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу бойынша қызметтерді көрсету құқығын алу үшін заңды тұлғаға қатысты жүзеге асырылады. 
4. Заңды тұлғаны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді.
Полная версия
ИС BestProfi