Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.12.2023
Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7505 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.11.2023 жылғы № 168 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмекті ұйымдастырсын және көрсетсін;
2) мамандандырылған консультациялық-диагностикалық кабинеттердің: глаукома, тамырлық және көз онкопатологиясы, балалардың көруін сақтау, облыстық көз консультациялық-диагностикалық орталықтардың не көп бағдарлы ауруханалардың жанындағы көз амбулаториялық микрохирургиясы бөлімшелерінің және күндізгі көз стационарларының жұмысын;
3) балалар мен ересектердің офтальмологиялық патологиясын уақытылы диагностикалауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі                  C. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2012 жылғы 28 ақпандағы
 № 120 бұйрығымен
 бекітілген
Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже
1. Осы Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көру мүшелері ауыратын науқастарды анықтауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас офтальмолог (республиканың, облыстық, қаланың) маман үйлестіреді.
4. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек аудандық, қалалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емхананың көз кабинеттерінде, облыстық офтальмологиялық ауруханаларда (орталықтарда), облыстық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда («Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында – ҚазКАҒЗИ) жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi