Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.02.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қазан N 1118
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесi бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2002 жылғы 11 қазандағы
 N 1118 қаулысымен
 бекiтiлген
Нормативтік құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесі
1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзiрлендi және нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзуге қойылатын негізгі талаптарды белгілейдi. 
2. Осы Ереже конкурсты ұйымдастырушылар мен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға үмiткер мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi. 
3. Осы Ереже ресми басылымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметінiң актiлер жинағына қолданылмайды. 
1) азаматтардың ақпараттарды еркiн алуындағы конституциялық құқықтарын іске асыру; 
2) азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық хабардар болуын арттыру; 
3) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзiмдi баспасөз басылымдарының тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; 
4) мерзiмдi баспасөз басылымдарының қызметiн жандандыру; 
5) мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасында бәсекелестiктi арттыру болып табылады. 
Полная версия
ИС BestProfi