"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес «Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 537 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысымен бекітілген
Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді, ішкі су жолдары бойынша жүзу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу кезінде тиістілігіне қарамастан барлық кемелерге, құрамдарға, салдарға және басқа да жүзу құралдарына қолданылады.
2. Кемелерге және салдарға жазулар (литерлері мен тіркеу нөмірлері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында кемені, соның ішінде шағын кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес жазылады. Осы Қағидада көзделмеген жазуларды жазуға немесе суреттерді кемелерге салуға рұқсат етілмейді.
2. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі
§ 1. Жалпы шарттар
3. Кемелер навигациялық жабдықтаудың латералды жүйесіндегі су жолдарымен жүзген кезде навигациялық жағдайдың белгілері бойынша бағдарлай отырып, кеме жүрісі шегінде қозғалады. Навигациялық жағдай су көлігіндегі уәкілетті бақылау органының аумақтық бөлімшесі бекітетін, кемелер немесе құрамдар габариттері мен су жолының белгіленген арақатынасын сақтай отырып, кеме жүргізуші кеменің немесе құрамның белгіден белгіге қозғалысын қамтамасыз ете алатындай етіп жасалады.
Белгіленген кеме жүрісінен тыс, сондай-ақ кеме жүрісі жабдықталмаған су жолдарында (олар кеме қатынасы үшін жарамды болған жағдайда) су көлігі және су көлігіндегі бақылау саласының уәкілетті органдарымен келісім бойынша ғана кемелер немесе арнайы мақсаттағы кемелер жүзе алады.
4. Кеме екіжақты қозғалыс учаскелерінде қозғалыс бағыты бойынша оң белдеумен, ал бұл қиын болған жерде (жол, гидрометеорологиялық немесе өзге де жағдайлар бойынша) кеме жүрісі өзегін ұстана және бұл ретте қарсы келе жатқан кемелермен сол жақ борттары арқылы қауіпсіз айырылысуға дайындықты қамтамасыз ете отырып жылжиды.
5. Осы Қағиданың 4-тармағының талаптары салды тіркеп сүйрейтін кемеге қолданылмайды.
6. Кемелер бір жақты қозғалыс кезінде, олар бірін-бірі басып озуға ниеттенбесе, берілген жылдамдық кезіндегі өзінің тежеуіштік жолын ескере отырып, берілген жағдайлар үшін өзара қауіпсіз арақашықтықты сақтайды.
7. Кеме айналымды өтетін кемелердің артқы жағы өткеннен кейін ғана орындайды. Жақындап келе жатқан кемелердің алдында мұндай маневр өзара іс-қимылдарды келіскеннен кейін ғана орындалады.
8. Жағадан, айлақтан және басқалардан келе жатқан кеме және басқа да айлақтық құрылыстар кеме жолымен жылжып келе жатқан кемелерді кедергісіз өткізеді, ал қосымша кеме жолынан келе жатқан кеме негізгі кеме жолында жүзіп келе жатқан кемені өткізеді. Тең мәнде қиылысатын кеме жолдарындағы кемелер жақындаған кезде өзінің оң жағында басқа кеме жоқ кеменің артықшылығы бар.
9. Кемелер айлақтарда және рейдтерде маневр жасаған кезде оң борты арқылы бірін-бірі өткізуді өзара келісу бойынша жүзеге асырады; бұл ретте жүрдек кемелер суығыстырым жағдайында болады.
Полная версия