мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқару органдарына бағынысты мал дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк-санитарлық бейiмдегi басқа да ұйымдар кiредi.
Внимание! Документ утратил силу с 10.07.2002
Заң күшi бар Мал дәрiгерлiгi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және мал дәрiгерлiгi органдарының, мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық жағдайларын анықтау мақсатында осы Жарлықты шығарамын. I Тарау Жалпы ережелер 1-бап. Осы Жарлықтың реттеушiлiк мәнi
Осы Жарлық мал ауруларының алдын алу мен оларды емдеу, малға және адамдарға ортақ аурулардан сақтандыру, iндетке қарсы шараларды ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейдi, мал дәрiгерлiк қадағалау негiздерiн белгiлейдi, мал дәрiгерлiгi органдарының, мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық жағдайларын айқындайды. 2-бап. Мал дәрiгерлiгi туралы заңдар Мал дәрiгерлiгi туралы заңдар осы Жарлықтан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiнен тұрады. 3-бап. Мал дәрiгерлiгiнiң мiндеттерi Мал дәрiгерлiгiнiң негiзгi мiндеттерi: малды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан қорғау; малға және адамдарға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын сақтау; мал өнiмдерi мен шикiзатының сапасына мал дәрiгерлiк санитарлық бақылау жасауды қамтамасыз ету; республика аумағын басқа мемлекеттерден мал ауруларының әкелiнуiнен қорғау; мал дәрiгерлiгiнде пайдаланылатын диагностикалық, емдiк және алдын алу құралдарының сапасына бақылау жасау;
мал ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және оларды пайдалану, мал өнiмдерi мен шикiзатының санитарлық сапасын арттыруды қамтамасыз ету, айналадағы ортаның мал дәрiгерлiк-санитарлық жағынан ластануынан сақтандыру болып табылады. 4-бап. Мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқару Мал дәрiгерлiгiн мемлекеттiк басқаруды республикалық және жергiлiктi мал дәрiгерлiгi қызметiн басқару органдары, сондай-ақ өз құзыры шегiнде, арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. 5-бап. Мал дәрiгерлiгi қызметiмен айналысу құқығы Мал дәрiгерлiгi қызметiмен, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк мал дәрiгерлiгiмен айналысуға жоғары немесе арнаулы орта мал дәрiгерлiк бiлiмi бар азаматтардың құқығы бар. II Тарау Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң ұйымдық құрылымы мен функциялары 6-бап. Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң түрлерi Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiгi қызметi жалпы мемлекеттiк (бұдан әрi текст бойынша мемлекеттiк), ведомстволық және жеке кәсiпкерлiк болып бөлiнедi. 7-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi
1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жүйесiне: мал дәрiгерлiгiн республикалық басқару органы; мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жергiлiктi органдары; мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу ұйымдары; республикалық, облыстық және аудандық мал дәрiгерлiк лабораториялары; мал ауруларына қарсы күрес жөнiндегi республикалық экспедиция; облыстық, аудандық және қалалық мал дәрiгерлiк емдеу ұйымдары; iндетке қарсы отрядтар және бруцеллез, туберкулез ауруларына қарсы күрес жөнiндегi экспедициялар; мемлекеттiк шекарадағы және көлiктегi мал дәрiгерлiк қадағалау қызметтерi;
2. Мемлекеттiк Мал дәрiгерлiгi қызметi жөнiндегi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi республикалық органның басшысы сонымен бiрге лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторы болып табылады, ал оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi жергiлiктi органының басшысы, сондай-ақ мемлекеттiк шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн қадағалау басқармасының бастығы сонымен бiрге лауазымы бойынша бас мемлекеттiк мал дәрiгерлiк инспекторлары болып табылады, ал олардың орынбасарлары - облыстар, аудандар мен қалалардағы және мемлекеттiк шекара мен көлiктегi бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.
4. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жергiлiктi органдарының, шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының басшыларын қызметке тағайындап, қызметiнен босатуды тиiстi жергiлiктi атқарушы органның келiсуi бойынша мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жоғары тұрған органы жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдары мен ұйымдарының функциялары
1. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдарының жүргiзуiне:
мал ауруларының алдын алу мен олардың диагностикасы және емдеу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуына бақылау жасау;
iндеттiк жағдайларды зерделеу және жұқпалы аурулардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде, сондай-ақ дезинфекция, дератизация, дезинсекция мәселелерi мен өзге де шаралар жөнiнде орындалуға мiндеттi өкiмдер шығару;
мал дәрiгерлiк және санитарлық жағынан сапалы мал өнiмдерi мен шикiзат өндiруге бақылау жасау;
базарларда малға мал дәрiгерлiк тексеру өткiзудi, мал шаруашылығы өнiмдерiне мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптауды жүзеге асыру;
денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, халықты малға және адамдарға да ортақ аурулардан қорғау мен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
республика аумағын малдың жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғауға бақылау жасау;
ет-сүт кәсiпорындарының, қасапханалардың, цехтардың, мал фермаларының, кешендерiнiң, жәрмеңкелердiң, базарлардың, мал өнiмдерi мен шикiзатын сақтауға арналған қоймалар, жемшөп пен тасымалдау құралдарының мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайын тексеру;
ет комбинаттарындағы, қасапханалардағы, цехтардағы, басқа да ұқсатушы ұйымдар мен базарлардағы мал өнiмдерiне мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзу, сондай-ақ малдарды сойыс алдында тексеру;
Полная версия