1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 21.04.2023
Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық министрдің м.а 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 647 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7273 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Бесбалаев Қ.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Мусинов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 647 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа (ересектер мен балаларға) кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі қанайналым жүйесі ауруларымен (бұдан әрі – ҚАА) науқастарды ерте анықтауға, емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған.
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын штаттан тыс бас кардиологы, интервенциялық кардиологиялық көмекті штаттан тыс бас интервенциялық кардиолог және кардиохирургиялық көмекті штаттан тыс бас кардиохирург (республиканың, облыстың, қаланың) үйлестіреді.
Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің құрылымдары мен штат саны басшымен жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың саны мен штат нормативтеріне қарай белгіленеді.
4. Халыққа кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.
Халыққа (ересектерге, балаларға) кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жоғары, қосымша және орта медициналық білім берудің, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Халыққа кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етеді.
2. Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері
6. Кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері:
Полная версия

