"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 2117 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған "Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 2117 қаулысымен бекітілген
"Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) көтергіш-көлік құралдарына және олардың тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Көтергіш-көлік құралдарын сәйкестендіру осы Техникалық регламентке қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен, таңбалау және ілеспе құжаттар бойынша, жиынтығында тану үшін жеткілікті болатын белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізіледі.
3. Осы Техникалық регламент мыналарға:
1) кран-манипуляторларды қоса алғанда, барлық типтегі жүк көтергіш крандарға;
2) басқару кабинасымен бірге жер үстіндегі рельсті жолдармен қозғалатын электр жүк арбаларына;
3) арқанға тек ілмекпен немесе электромагнитпен ілінген жұмыстарға арналған қазып-тиегіш крандарға;
4) электр тальдарға;
5) жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырларға;
6) ауысымды жүк қарпығыш органдарға (ілмек, грейфер, жүк көтергіш электромагнит) қолданылады.
4. Осы Техникалық регламент мыналарға:
1) шахталарда, теңізде және өзенде жүзетін кемелерде, өзге жүзу құрылыстарда орнатылған көтергіш-көлік құралдарына;
Полная версия