Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.02.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 маусым N 786
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 53 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесіне: 
үшінші абзац "Ішкі істер министрлігіне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген сөздермен толықтырылсын; 
төртінші абзац "МӨҚ-ке" деген сөздің алдынан "ай сайын" деген сөздермен толықтырылсын; 
бесінші абзацта "өрттің қауіпті факторларының" деген сөздер "жанудың" деген сөзбен ауыстырылсын; 
жетінші абзац "жануы" деген сөзден кейін ", егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе," деген сөздермен толықтырылып, "есеп 
жүргізуге жатпайды" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi