«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 490 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 376 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 490 қаулысымен бекітілген
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі
1-бөлім. Әуеайлақтар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – СБӘ) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) және Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі – МАК) ұсыныстарының талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының (бұдан әрі - ҚР АА ӘПЖН) талаптарына әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сипаттамалары мен параметрлерінің сәйкестігін бағалауға арналған.
2. Осы СБӘ әуеайлақ кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қажетті технологиялық операциялардың тізбесінен тұрады. Сәйкестікті бағалау әуеайлақ кешенін жерүсті және ұшуда тексерудің және оларды ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) кешенінің сипаттамалары мен параметрлерінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша азаматтық авиация ұйымының басшысы қол қоятын және мөрімен расталатын сәйкестік кестесі жасалады. Сәйкестік кестелерін толтыру тәртібі мен мысалдары осы СБӘ-де келтірілген.
4. СБӘ-ға өзгерістер ҚР АА ӘПЖН-де баяндалған тәртіпке сәйкес қажеттілігіне қарай енгізіледі.
5. Әуеайлақ кешені мен оның жабдықтарын жерүсті және ұшуда тексеріп-қарауды әуеайлақ қызметі, сертификатталған органдар немесе осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған жобалау немесе ғылыми тексеру институттары жүзеге асыруға тиіс.
2. Әуеайлақтың деректері және әуеайлақтардың физикалық сипаттамалары
Әуеайлақ класын және жасанды төсемді ұшу-қону жолақтарының дәрежесін айқындау әдістемесі
6. Әуеайлақ дәрежесі:
1) бір жолақты әуеайлақтарда жасанды ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ЖҰҚЖ) класымен;
2) көп жолақты әуеайлақтарда стандарттық жағдайда неғұрлым ұзын ЖҰҚЖ дәрежесімен анықталады.
Полная версия