Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.04.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2010 Қаулысы
2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге жарты жылдықтың  қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi