2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2012
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 275-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7933 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 31.12.2013 жылдан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 29.12.2012 жылғы № 393-ө Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды экспорттауға және импорттауға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) 4-қосымшаға сәйкес «І санаттағы объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) 6-қосымшаға сәйкес «І санаттағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
_________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 12 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 275-ө бұйрығына 1-қосымша
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
Полная версия