Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2003
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 маусым N 685
Жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алу, таратпау және жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия құрылсын. 
2. Қоса берiлiп отырған Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақтан сөздер алынып тасталды ҚР Үкіметінiң
3. Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияға орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алуға, таратпауға және жоюға бағытталған ғылыми және практикалық қызметтерiн үйлестiру жүктеледi деп белгiленсiн. 
4. Облыстардың, қалалардың және аудандардың әкiмдерi тиiстi аумақтарда эпидемияға қарсы төтенше комиссиялар құрсын және Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы ереженi басшылыққа алып, олар туралы ережелердi бекiтсiн. 
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жұқпалы 
ауруларға қарсы республикалық төтенше комиссия құру туралы" 1993
жылғы 21 қыркүйектегi N 913 және "Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қыркүйектегi N 913 қаулысына өзгертулер енгiзу 
туралы" 1995 жылғы 10 мамырдағы N 636 қаулыларының күшi жойылған деп 
танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 3 маусымдағы
                                       N 685 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Эпидемияға қарсы республикалық төтенше
                       комиссия туралы
                           Ереже
              I. Жалпы ережелер
1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жасалған осы Ереже эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) негiзгi мiндеттерiн, қызметiн, құқықтарын және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды. 
2. Комиссия консультативтiк-кеңесшi ведомствоаралық үйлестiрушi орган болып табылады және жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алу, таратпау және жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу мақсатында құрылды. 
3. Комиссия өз өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және мемлекеттiк комитеттерiмен, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады. 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алуға, таратпауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестiру; 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың олардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша заң актiлерi мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын жасау жөнiндегi қызметiн үйлестiру, сондай-ақ белгiленген тәртiпте аталған құжаттардың жобаларын қарау, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну; 
облыстардың, қалалардың, аудандардың эпидемияға қарсы төтенше комиссияларының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау мен үйлестiрудi жүзеге асыру, эпидемиялық жұқпалы аурулар мен адамдардың жаппай улануының, жануарлардың iндетi мен өсiмдiктер ауруының алдын алу, таратылу және жоюға бағытталған шараларды орындауға практикалық көмек көрсету кiредi. 
5. Комиссияға аталған мiндеттердi орындау мақсатында: 
эпидемиялық жұқпалы ауруларға және адамдардың жаппай улануына жол бермеу, аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың әкелiнуi мен таратылуының алдын алуға бағытталған шешiмдердi жетiлдiру; 
заңды тұлғалар мен азаматтардың жұқпалы аурулардың, жаппай уланудың алдын алуға және жоюға бағытталған қызметтерiне әдiстемелiк басшылық жасау мен үйлестiру; 
заңды тұлғалардың күштерi мен қаражаттарын эпидемияға қарсы және iндетке қарсы нақты шараларды орындау үшiн тартуды ұйымдастыру; 
эпидемияға қарсы және iндетке қарсы шаралар жүргiзуге байланысты карантиндiк-шектеу шараларын енгiзу және оны қолданыстан шығару; 
жауапты тұлғалардың эпидемияға қарсы және iндетке қарсы шаралардың орындалу барысы туралы баяндамаларын мезгiл-мезгiл тыңдау, тыңдаудың нәтижелерi бойынша ұйымдық және практикалық шешiмдер қабылдау; 
денсаулық сақтау органдарының аурулардың таралуының алдын алу және олардың пайда болуы зардаптарын жою үшiн мамандандырылған медициналық құралымдарын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, басқа да министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың жедел топтарын аса қауiптi жұқпалы аурулар ошақтарына жiберу жөнiндегi iс-қимылдарын үйлестiру;  
денсаулық сақтау және мал дәрiгерi органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын қауiптi жұқпалы аурулардың профилактикасы бойынша халықты медициналық және мал дәрiгерлiк-санитарлық ағарту үшiн пайдалану жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру; 
Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тысқары жерлерде қауiптi аурулармен науқастанулар туралы ақпараттар жиналуына және талдануына бақылау жасау; 
адамдар мен жануарлардың мекен ауыстыруына, жүктердiң ауру ошағынан тысқары жерлерге тасымалдануына енгiзiлген шектеулердiң сақталуына, басқа да карантиндiк шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; 
Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегi қауiптi жұқпалы аурулар бойынша эпидемиялық және мал iндетi жағдайы туралы хабардар ету жүктеледi. 
#$5-тармақтың 7 абзацындағы сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінiң
       1998.04.28. N 389 қаулысымен.  
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінiң 14.04.2000. № 576
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң жұқпалы ауруға шалдығуы туралы ақпарат алуға; 
кәсiпорындардағы, мекемелердегi, ұйымдардағы жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың профилактикасы жөнiндегi жұмыстардың жағдайына тексеру жүргiзуге; 
адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң арасында жұқпалы арулардың таралуының алдын алу мақсатында карантиндiк-шектеулiк шараларын енгiзу туралы шешiм қабылдауға; 
жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы және мал iндетiне қарсы шаралардың орындалуы туралы құжаттар талап етуге және комиссияның мәжiлiстерiнде тиiстi басшылардың хабарламасын тыңдауға; 
кiнәсi бойынша жұқпалы аурулар эпидемияларына, мал iндеттерiне немесе адамдар арасындағы тамақтан жаппай улануға жол берiлген лауазымды тұлғаларды жұмыстан босату, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиiстi органдарға материалдар жолдауға; 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жұқпалы аурулардың профилактикасына және деңгейiн төмендетуге, сондай-ақ тамақтан уланудың алдын алуға байланысты мәселелер енгiзуге құқығы бар. 
7. Комиссия ағымдағы және алдағы болашақтағы мәселелердi шешудi көздейтiн мынадай жұмыс жоспарын жүргiзедi: 
жұқпалы аурулардың және тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуының алдын алу; 
заңды тұлғалардың жұқпалы аурулардың профилактикасы және оның таралуының алдын алу бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен Үкiметiнiң қаулыларын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды, сондай-ақ Комиссияның шешiмдерiн орындауы. 
8. Комиссия қалыптасқан эпидемиялық және мал iндетi жағдайын 
ескере отырып жоспарлы немесе кезектен тыс мәжiлiс өткiзедi және 
қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады.
     
9. Комиссияның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан 
Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің аппараты жүзеге
асырады.

      9-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 1998.04.28. N 389           
              қаулысымен.  

 
 
      9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.04.14. N 576           
              қаулысымен.  

 
 
     10. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ол орындау 
үшiн заңды тұлғалар мен азаматтарға жолданады.
     Хаттамаға мәжiлiске төрағалық етушi адам мен жауапты хатшы қол
қояды.
                                 Қазақстан Республикасы
                                      Үкiметiнiң
                                 1996 жылғы 3 маусымдағы
                                     N 685 қаулысымен
                                      Бекiтiлген
             Эпидемияға қарсы республикалық төтенше
                   комиссияның жеке құрамы
     Макиевский Н.М.       - Қазақстан Республикасы
                             Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                             Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң төрағасы, төраға
     Бижанов Н.Қ.          - Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетi төрағасының бiрiншi
                             орынбасары, төрағаның орынбасары
     Девятко В.Н.          - Қазақстан Республикасы Денсаулық
                             сақтау министрi, төрағаның орынбасары
     Алтынбеков С.А.       - Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетi төрағасының орынбасары,
                             төрағаның орынбасары
     Бисмилдин Ф.Б.        - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк
                             санитарлық дәрiгерiнiң орынбасары, хатшы
                      Комиссия мүшелерi:
     Әбиев М.К.            - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын
                             үй және аумақтарда құрылыс салу
                             министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Әдуов Р.С.            - Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi
                             директорының орынбасары
     Әкiмбеков Н.К.        - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
                             министрiнiң орынбасары
     Әлиғожанов С.Қ.       - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                             коммуникациялар министрiнiң бiрiншi
                             орынбасары
     Алманиязов Э.А.       - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                             жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                             аумақтарды және халықты қорғау
                             бөлiмiнiң бастығы
     Арабов С.А.           - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                             қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                             орынбасары (келiсiмi бойынша)
     Бәйiшев К.С.          - Қазақстан Республикасы Экология және
                             биоресурстар министрiнiң бiрiншi
                             орынбасары
     Дерновой А.Г.         - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк
                             санитарлық дәрiгерi - Қазақстан
                             Республикасы Денсаулық сақтау
                             министрiнiң орынбасары
     Добрица З.П.          - Қазақ обаға қарсы күрес ғылыми-зерттеу
                             институтының директоры
     Ерекешев С.В.         - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                             министрлiгiнiң бас
                             медициналық-санитарлық инспекторы
     Ерошенкова Г.В.       - Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң жедел iс басқармасы
                             бастығының орынбасары
     Ким А.Г.              - Қазақстан Республикасы Жастар iсi,
                             туризм және спорт министрiнiң орынбасары
     Константинов А.В.     - Қазақстан Республикасы Бас
                             прокурорының бiрiншi орынбасары
                             (келiсiмi бойынша)
     Кравчук А.В.          - Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң Төтенше жағдайлардың алдын
                             алу бас басқармасының бастығы
     Крылов Ю.М.           - "Қазақстан теледидары мен радиосы"
                             республикалық корпорациясының
                             вице-президентi
     Медеуов Е.Ө.          - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң
                             орынбасары
     Малғаждаров А.Ә.      - Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң Азаматтық қорғаныс бас
                             басқармасының бастығы
     Нұрғалиева Е.         - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                             министрiнiң орынбасары
     Омаров А.Д.           - Алматы темiр жол басқармасының
                             бастығы
     Отаров К.М.           - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                             министрiнiң орынбасары
     Петров В.В.           - Қазақстан Республикасы Төтенше
                             жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң жедел iс бас басқармасының
                             бастығы
     Самакова А.Б.         - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                             сауда министрiнiң орынбасары
     Сейiтбатталов Б.Ж.    - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                             министрiнiң Консулдық бас
                             басқармасының бастығы
     Сыпатаев М.Б.         - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
                             станцияның бас дәрiгерi
     Тоқтаров Ж.Б.         - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
                             акционерлiк авиакомпаниясының бiрiншi
                             вице-президентi
     Тұрсынқұлов Ш.Ж.      - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк
                             малдәрiгерлiк инспекторы
     Үмбетбаев Т.А.        - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                             шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
     Шнитковский А.А.      - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi
                             төрағасының орынбасары 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi