Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң, оның iшінде бiр бiрiнші бес орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.09.2005. № 905 қаулысымен. (28.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1118 қаулысымен
 "бекiтiлген"
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыісминi) туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) сыртқы саяси қызметтi жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитетi бар. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2006. № 1024 қаулысымен. (08.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 
Министрлiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және Тәртiппен мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
4. Министрлік өзiнiң құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен міндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады. 
Полная версия
ИС BestProfi