Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 568 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 239-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылға 31 желтоқсанға дейін;
2) Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.»;
«5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ. Күрішбаевқа жүктелсін.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия