1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына келесі талаптар бекітілсін:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.01.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4412 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1) қаржы сенімділігінің рейтингісі ретінде тиісті акциялардың эмитенттері - акцияны арнайы сауда алаңына рұқсат берілген жағдайда, ал олардың борышты бағалы қағаздары - оның борышты бағалы қағаздарына рұқсат берілген жағдайда рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай - Агенттік) танылатын, рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша шетел валютасындағы немесе ұлттық валютасындағы мерзімді несие қабылданады;
2) эмитенттің және (немесе) оның бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы халықаралық шкала бойынша "С" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша) немесе "С" ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша), не болмаса "Standard & Poor's" қазақстандық ұлттық шкаласы бойынша "kzСС" төмен болмауға тиіс;
Полная версия