Близость слов: Окончание:





Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 Қаулысы
Редакция 01.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қырғыз Республикасында қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен саны 3699,818 (үш мың алты жүз тоқсан тоғыз тонна сегіз жүз он сегіз килограмм) тонна дизель отыны (жазғы) броньнан шығарылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.04.2010 № 368 Қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2010 № 864 Қаулысымен. (24.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қырғыз Республикасына дизель отынын темір жол көлігімен
Рыбачье, Ош станцияларына дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2010 № 368 Қаулысымен. (24.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi