Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Документ показан в демонстрационном режиме!
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы N 508 Қаулысы
Осы редакция 18.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»18 маусымдағы N 508 қаулысымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі
1. Осы Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды импорттауға және экспорттауға, сондай-ақ озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға
қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.
2. 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының және 1987 жылғы Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының тараптары болып табылатын мемлекеттерден және мемлекеттерге озон қабатын бұзатын заттарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, оларды Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдауды қоспағанда, осы Ережеге сәйкес берілетін рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
3. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды әкелуге және экспорттауға рұқсат алу үшін осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға
арналған өтінім;
2) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар
заттарды жеткізуге арналған келісім-шарттың, шарттың көшірмесі;
3) комиссия шартының немесе тапсырманың көшірмесі (тапсырыс
беруші ретінде делдал әрекет ететін жағдайда);
4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
Полная версия