Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес 
«Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.03.2015 жылғы № 357 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандары; 
2) Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 8 шілдедегі
 № 781 қаулысымен
 бекiтiлген
Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы
1. Осы Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелерге кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Кеме журналын беру және жүргізу тәртібі
2. Кеме журналы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1315 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Кеме журналы кеменің тоқтаусыз пайдалану кезеңі көрсетілген кеме құжаты болып табылады. 
4. Кеме журналы, кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап, құқығы сақталған бүкіл уақыт кезеңі бойы жүргізіледі.
5. Кемені тұраққа жауапты сақтауға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы кемеде қалады, бірақ оны толтыру кемеде экипаж болмайтын уақытқа тоқтатылады.
6. Кеме журналындағы барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.
7. Кеме журналын вахта бастығы (капитанның вахтадағы көмекшісі) жүргізеді.
Полная версия
ИС BestProfi