Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттер,
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім
ҚР 30.06.2010 жылғы 320-IV Заңымен ратификацияланды Осы Келісім қолданысын тоқтатты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартына сәйкес
Редакция 10.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының Комиссиясы туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты, кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында, мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
1) еркін қойма - оның шегінде, осы Келісімге сәйкес еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар мен кеден одағының тауарлары, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін құрылыс (үй-жай);
2) құрылыс (үй-жай) - күзетілетін не жеке тұлғаның кіруін бақылайтын режимі бар аумақтары және (немесе) ашық алаңдары жайластырылған және жабдықталған ғимарат (оның бөлігі), ғимараттар кешені.
2. Осы Келісімнің 18-бабында пайдаланылатын терминдер 2008 жылғы 25 қаңтардағы кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімде айқындалған мағыналарда пайдаланылады.
3. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер 2009 жылғы 27 қарашадағы кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі - Кодекс) ажырамас бөлігі болып табылатын кеден одағының Кеден кодексінде және кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын шарттарда пайдаланылатын мағыналарда қолданылады.
2-бап Еркін қойма туралы жалпы ережелер
1. Еркін қойманың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Еркін қоймадағы кедендік бақылауды кеден органдары кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мұндай аумақтың периметрін қоршаумен, бейне бақылау жүйесімен жарақтандыру бойынша талаптарды қоса алғанда, кедендік бақылауды жүргізу мақсатында еркін қойманы жабдықтауға және жайластыруға қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Мұндай аумаққа адамдардың келу тәртібін айқындауды қоса алғанда, еркін қойманың аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап Еркін қойманың иесі
1. Еркін қойманың иесі - осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және осы Келісімнің 4-бабында айқындалған шарттарға жауап беретін кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
Заңды тұлға кеден органы оны еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізгеннен кейін еркін қойманың иесі болып табылады.
Еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында заңды тұлғалардың еркін қойма иелері ретінде қызметін тоқтата тұру және жаңарту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органдары еркін қойма иелерінің тізілімін жүргізеді және оны кемінде тоқсанына бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кезеңдік жариялауды қамтамасыз етеді.
Полная версия