Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1319 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 38) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 3 желтоқсандағы
 № 1319 қаулысымен
 бекітілген
Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Әдістеме «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай операцияларын жүргізген кезде:
2) кен орнын сынамалық пайдалану кезінде;
3) газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу кезінде: технологиялық жабдықтарды іске қосу-реттеу, технологиялық жабдықтарды пайдалану, технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін анықтайды.
2. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
газ жағу нормативтері - өндірілетін газ көлемі мен газ факторын ескере отырып, осы Әдістемеде белгіленген формулалар негізінде есептеу жолымен анықталатын өлшем;
кен орнын сынамалы пайдалану - өнеркәсіптік игерудің технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшін қабаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмірсутек шикізатының кен орындарында жүргізілетін операциялар. Сынамалы пайдалану барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейді;
сондай-ақ Заңда белгіленген мағынада өзге де ұғымдар қолданылады.
3. Ілеспе газды өндіру және жағу көлемдерін анықтауды жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттамасына және қолданылатын технологияға сәйкес:
газды кешенді дайындау қондырғысының немесе газды қайта өңдейтін зауыттың кіреберісі мен шығаберісінде ілеспе газ көлеміне есеп жүргізу торабында;
Полная версия
ИС BestProfi