Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.03.2016
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 457-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4029
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1231 Бұйрығына сәйкес
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкіміне  сәйкес   БҰЙЫРАМЫН:  
  1. Қоса беріліп отырған Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (А.С.Жайлаубаева) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілгеннен кейін заңнамамен белгіленген тәртіппен  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге қамтамасыз етілсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары К.Б.Есекеевке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
 Ақпараттандыру және байланыс
 агенттігі төрағасының
 2005 жылғы 8 желтоқсандағы
 N 457-Ө бұйрығымен бекітілген
Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу  
  (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және  
  тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі 
1. Осы Тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін және тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) куәландырушы орталықпен электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу куәліктерін беру, тіркеу, сақтау, кері қайтарып алу (жою), оның ішінде олардың қағаз жүзіндегі көшірмесін, сондай-ақ куәландырушы орталықтармен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің пайдаланыстағы және кері қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тіркелемін жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Ережеде Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық қолтаңба туралы"  Заңымен  анықталған түсініктер, сондай-ақ келесі терминдер мен түсініктемелер қолданылады: 
1) тіркеу куәлігін тіркеу - тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігін енгізу; 
2) тіркеу куәлігін қайтарып алу (жою) - осы куәландырушы орталықта тіркеу куәлігінің күші жойылды деп тану рәсімі; 
3) кілтті ақпаратты тасымалдағыш - электрондық цифрлық қолтаңба жабық кілтінің қорғалған қоймасы (смарт-карта, кілтті дискета және басқалар); 
Полная версия
ИС BestProfi