Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 Қаулысы
Осы редакция 21.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1641 қаулысымен
 бекітілген
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті
 құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық
 мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдарды мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі - РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - ЖЖҚ) тіркеу және пайдалану, РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі - ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс саласындағы лицензиялық қызмет түрін жүзеге асыратын және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Communication Unit, (ITU), Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік құрылғы - абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі - осы құралдар немесе құрылғылар шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында немесе өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) меншігінде болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы - телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда пайдалануға және шоғырландыруға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
Полная версия
ИС BestProfi