1. Осы ережелер автомобиль жолдары мен жол ғимараттарының күтiп ұсталуын және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оларды пайдалану тәртiбiн белгiлейдi. Ереже барлық министрлiктер мен ведомстволарға, кәсiпорындар мен мекемелерге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың, жүргiзушiлердiң және оларды пайдаланатын, бөлiнген автомобиль жолдары тiлкемi шегiнде құрылыс және жөндеу жұмысын жүргiзетiн азаматтардың бәрiне қолданылады.
Внимание! Документ утратил силу с 05.09.1998
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесiн және оларды қорғау тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 20 сәуiр N 316. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.09.05. N 845 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол ғимараттарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесi және оларды қорғау тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне бекiтiлген Ереженiң орындалуына бақылау жасау мiндеттелсiн. 3. "Республиканың автомобиль жолдарының жайы және оларды жөндеу мен күтiп ұстауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1975 жылғы 30 маусымдағы N 339 қаулысы 7-тармағының (Қазақ ССР ҚЖ, 1975 ж., N 14, 67-ст., күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 сәуiрдегi N 316 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесi және оларды қорғау ТӘРТIБI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2. Ереже автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және шаруашылықтық автомобиль жолдарын иеленушiлердiң құқын, мiндетi мен жауапкершiлiгiн анықтайды.
. Жол органдары - балансында жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бар ұйымдар.
3. "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 наурыздағы N 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҰАЖ, 1992 ж., N 12, 201-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарын саралау жөнiндегi ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан автомобиль жолдары жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары және шаруашылық автомобиль жолдары деп бөлiнедi. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары өзiнiң халық шаруашылық және әкiмшiлiк маңызына қарай республикалық және жергiлiктi автомобиль жолдары деп бөлiнедi.
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары олардың құрамына енетiн барлық ғимараттарымен және жайғастыру элементтерiмен (көпiрлерiмен, құбырларымен, жол пайдалану қызметi үйлерiмен, қардан қорғау құрылғыларымен және қоршауларымен, сәулеттiк безендiрулерiмен, қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен, автосервис кешендерiмен және т.б.), сондай-ақ жасыл желектi алқаптарымен қоса мемлекеттiк меншiк болып табылады.
Жалпы пайдаланудағы жолдарды қорғауды Қазақстан Республикасының жол органдары жүзеге асырады.
5. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы қозғалыс осы Ереже мен Жол қозғалысы ережесiн сақтай отырып жүзеге асырылуға тиiс.
Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
6. Жолдар мен жол ғимараттарының сақталуын және оларда қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн көлiк құралдарының автомобиль жолдарында жүрiп-тұруына жол берiледi.
7. Автомобиль көлiгi мен көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен жолда қауiпсiз, әрi iркiлiссiз жүрiп-тұруын қамтамасыз ету барлық жол пайдаланушылардың, жол органдарының, жол қозғалысын бақылау мен реттеу органдарының мiндетi болып табылады.
8. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және автомобиль жолдары мен жол ғимараттарында қозғалыс қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн ақауларды байқаған азаматтар оларды өз күштерiмен жою жөнiнде өздерiне байланысты шараларды қолдануға немесе бұл жайында таяу жердегi жол органына ие Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға тиiс.
9. Көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды және басқа адамдар, жер қазу немесе құрылыс жұмыстарын атқарушы ұйымдар, кәсiпорындар көлiк құралдарының өте жақсы төсенiшi бар жолға шыға берiсте доңғалақтарды балшықтан тазартуға және оның жүрiп-тұру бөлiгiн ластауына жол берiлмеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
10. Бөлiнген тiлкемнiң шекарасынан тысқары автомобиль жолдары өтетiн аумақтағы жер пайдаланушылар:
жалпы пайдаланудағы жолға шығаберiс тұсы мен оларға кiреберiс тұсын техникалық жағынан түзiк күйiнде ұстауға;
жолда көлiк құралдарының жайғастырылмаған кiреберiс және шығаберiс тұсының болуына жол бермеуге;
жолмен жапсарлас қоршаулар мен құрылыстарды түзiк күйiнде ұстауға;
Полная версия