1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2042 Қаулысы
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2042 қаулысымен бекітілген
Биржа саудасының үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі Ереже) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
2) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім - Үлгі ережеге сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық саудаға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық саудаға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
3) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
4) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық саудаға қатысушылар - белгіленген Ереже бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер;
6) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісім-шарт;
7) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Ереже шеңберінде жүргізілетін үдеріс;
Полная версия