Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.07.2014
Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 1647 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 12 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2014 жылғы № 793 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына, "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңының 18-1-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 22 қазандағы
N 1647 қаулысымен
бекітілген
Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ЕРЕЖЕ
1. Осы Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына және "Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1633 Қаулысымен (08.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1633 Қаулысымен (08.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына;
4) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сараптамалық ұйымдарға;
5) тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудиторларға;
6) тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 674 Қаулысымен (22.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз);
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1633 Қаулысымен (08.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды;
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2012 жылғы № 843 Қаулысымен (18.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.04.2014 жылғы № 346 Қаулысымен (13.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
адвалорлық үлес - пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе жеткізілетін тауардың "франко-зауыт" бағасында тіркелген пайыздық үлеске жететін қосылған құн;
тауардың шығу тегі туралы сертификат беру - тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды тіркейтін журналға қол қойғызып, ресімделген және куәландырылған тауардың шығу тегі туралы сертификатты өтініш берушіге беру;
Полная версия
ИС BestProfi