Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2016
Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес
«Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), сондай-ақ өзге ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) үлгi шарттарды бекiту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы № 266 Бұйрығын қараңыз
Редакция 16.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2009. № 237 Қаулысымен (18.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2003 жылғы 28 қарашадағы
 N 1194 қаулысымен
 бекiтiлген
Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.03.2004. № 278 қаулысымен. (28.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
_ _________________________               200__жылғы "__"________
(шарттың жасалатын орны)

      Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi беретiн _________________атынан
(қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган)
________________________________________________________негiзiнде
әрекет ететiн____________________________________________________
                      (лауазымы, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi Тапсырысшы деп аталатын_________________________________________________________ ___________________________________________________________атынан
(пайдаланушының деректемелерi құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган.)
______________негiзiнде әрекет ететiн____________________________
                                         (лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1. Шартта қолданылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
электр энергиясының/электр энергияның шартты көлемi - техникалық диспетчерлендiруге жататын электр энергиясының көлемi;
өтiнiм - Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын беру уақытының кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегi көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
электр энергиясының нормативтiк сапасы - Шартты орындау сәтiнде бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін электр энергиясының сапасы;
коммерциялық есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
электр қуаты резервтерiнiң ПУЛ-ы (бұдан әрi - ЭҚР ПУЛ) - генераторлар мен электр беру желiлерi күтпеген жерде iстен шыққан жағдайда тұтынушыларды энергиямен үздiксiз қамтамасыз ету үшiн электр қуатының қажеттi көлемiн, құрылымын қалыптастыру және резервтерiн орналастыру мақсатында электр станцияларымен және жекелеген көтерме тұтынушылармен epiкті негізде құрылған коммерциялық емес ұйым;
есептi кезең - Шартта техникалық диспетчерлеу бойынша Орындаушы қызметiмен есеп айырысу жүргiзiлетiн, бiр күнтiзбелiк айға тең бiрiншi күннiң 00-00 сағатынан бастап айдың соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiнгi уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгіленген кезең;
реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
рыноктық оператор - электр энергиясын өндiру және тұтыну режимдерiн коммерциялық диспетчерлеуді жүзеге асыратын ұйым;
Полная версия
ИС BestProfi