Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2022
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтінін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 15 қыркүйек N 446
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.12.2022 жылғы № 61 Жарлығына сәйкес
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамы антының мәтіні бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 15 қыркүйек
N 446 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қатардағы және басшы құрамының АНТЫ
       Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _______________________ _____________________________________________________________________ 
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке кіре отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлт байлығын және айналадағы ортаны қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жауапкершілігімді сезіне отырып: 
- Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға; 
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, олардан ешқандай ауытқуға жол бермей қатаң сақтауға; 
- өзіме жүктелген міндеттерді адал және білікті атқаруға, Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкері жоғары атағын қадірлеуге, мемлекеттік құпияларды жария етуге жол бермеуге; 
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде азаматтардың конституциялық құқықтарының, бостандықтарының, азаматтар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің шектелуіне жол бермеуге; 
- өзімнің кәсіби шеберлігімді ұдайы арттырып отыруға, пара алмауға, өртке қарсы қызметтің озық дәстүрлерін сақтап, молайтуға салтанатты түрде ант етемін. 
Осы антты бұзғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ең қатаң жазаны өтеуге дайынмын. 
Полная версия
ИС BestProfi