1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.06.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 шілде N 1053
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы өрттердiң, олар келтiрген материалдьқ залалдың және бұл ретте зардап шеккен адамдардың есебiн жүргiзудiң бірыңғай жүйесiн белгiлейдi.
2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволарының, сондай-ақ меншiк нысандарына қармастан басқа да заңды тұлғалардың қолдануы үшiн мiндеттті.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (бұдан әрi - МӨҚ) - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi мен оның өрт қауiпсiздiгі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын аумақтық органдары;
өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiретiн бақыланбаған жану;
өрттiң себебi - өрттiң пайда болуына тiкелей негiз болған құбылыс немесе жағдай;
өрттiң зардабы - материалдық, моральдық-құқықтық, әлеуметтiк (адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы), басқа да шығындар;
жойылған материалдық құндылықтар - өзiнiң сапасы мен құндылығын толық жоғалтқан, жөндеу жолымен де мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын, одан әрi пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiле алмайтын материалдық құндылықтар;
бүлiнген материалдық құндылықтар - қалпына келтiру (жөндеу) жолымен пайдалану үшiн жарамды күйге келтiруте болатын материалдық құндылықтар;
өрттен болған толық материалдық залал - жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың, өрттi өшiруге және оның зардабын жоюға арналған, оның iшiнде объектiнi қалпына келтiруге, өрттен болған зиянды әлеуметтiк өтеуге арналған шығындардың құндық көрсетiлуi.
Полная версия