Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.02.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 Қаулысы
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005. № 662 қаулысымен. (09.06.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 1999 жылғы
 23 шілдедегі
 N 1053 қаулысымен
 бекітілген
Бүкіл мәтін бойынша "өртке қарсы қызмет органы", "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет органдарында" сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (11.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттiк есебiнiң Ережесі 
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы өрттердiң, олар келтiрген материалдық залалдың және бұл ретте зардап шеккен адамдардың есебiн жүргiзудiң бірыңғай жүйесiн белгiлейдi. 
2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволарының, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың қолдануы үшiн мiндетті. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (11.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiретiн бақыланбаған жану; 
өрттiң себебi - өрттiң пайда болуына тiкелей негiз болған құбылыс немесе жағдай; 
өрттiң зардабы - материалдық, моральдық-құқықтық, әлеуметтiк (адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы), басқа да шығындар; 
жойылған материалдық құндылықтар - өзiнiң сапасы мен құндылығын толық жоғалтқан, жөндеу жолымен де мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын, одан әрi пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiле алмайтын материалдық құндылықтар; 
бүлiнген материалдық құндылықтар - қалпына келтiру (жөндеу) жолымен пайдалану үшiн жарамды күйге келтiруге болатын материалдық құндылықтар; 
өрттен болған толық материалдық залал - жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың, өрттi өшiруге және оның зардабын жоюға арналған, оның iшiнде объектiнi қалпына келтiруге, өрттен болған зиянды әлеуметтiк өтеуге арналған шығындардың құндық көрсетiлуi. 
Полная версия
ИС BestProfi