Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.10.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығы
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;  
2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы Агенттіктің аумақтық органдары қосымшаға сәйкес құрылсын. 
3. Агенттік Төрағасының бір орынбасары болады деп белгіленсін. 
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:  
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін құрсын;  
2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;  
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;  
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын. 
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін. 
6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін. 
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4141  өкімінің  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, N 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын.
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
9. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi