Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 458 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 324 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 458 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 37) тармақшасына және «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігінің тәртібі мыналарды қамтиды:
1) қоймаларды, аэровокзалдарды (жолаушылар, жүк терминалдарын) ұстау;
2) өртке қарсы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету;
3) әуе кемелері тұратын орындарды, технологиялық жабдықтарды және механикаландыру құралдарын ұстау;
4) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану базаларының объектілерін ұстау;
5) арнайы көлікті сақтау, жөндеу және пайдалану орындарын ұстау;
6) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін ұстау және өртке қарсы қамтамасыз ету;
7) бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.
3. Азаматтық авиация ұйымының басшысы азаматтық авиация ұйымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.
4. Әуе кемелерінде және әуеайлақ объектілерінде өрттен құтқару жұмыстарын орындау үшін азаматтық авиация ұйымының басшысы ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) авариялық-құтқару командаларының құрамына кіретін өрттен құтқару жасақтарын құрады.
Полная версия
ИС BestProfi