Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 124 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының   
 Үкіметінің           
 2008 жылғы»8 ақпандағы     
 N 124 қаулысымен        
 бекітілген          
Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі
1. Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленген.
2. Ереже парниктік газдарды атмосфераға шығару (парниктік газдардың жұтылуын қоспағанда) және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алудың тәртібін айқындайды.
3. Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу жүйелі, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер жиынтығын білдіреді, ол Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрына және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрына қалыптастырылады.
Полная версия
ИС BestProfi