Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.04.2015 жылғы № 457 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 715 қаулысымен
бекітілген
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы » 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы » 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданған әрі аттестаттау жүргізудің және шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2013 жылғы № 25 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Аттестаттау кезінде теориялық білімін тексеру, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) емтихан комиссияларының емтихан алуы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша кеме жүргізушілеріне шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік (бұдан әрі – куәліктер) беріледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2013 жылғы № 25 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға жасы он сегізге толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2013 жылғы № 25 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, олар Комитеттің аумақтық органдарында есепке алынуы тиіс.
2. Емтихан комиссияларын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасының әрбір өңірі үшін емтихан комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс тәртібі Комитеттің аумақтық органы басшысының бұйрығымен айқындалады.
Емтихан комиссияларының төрағалары болып Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары тағайындалады.
6. Емтихан комиссияларының құрамына Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері, жоғары немесе орта арнайы білімі бар су көлігінің мамандары және тәжірибелі кеме жүргізуші-практиктер, сондай-ақ қызмет бабына сәйкес су қоймаларында құқықтық тәртіпті жүзеге асыратын, су қорғау және балық қорғау талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
7. Әрбір кезекті отырысқа емтихан комиссиясының сандық және дербес құрамын алдағы жұмыстың көлемін негізге ала отырып, бірақ үш адамнан кем емес құрамда оның төрағасы белгілейді.
8. Шағын көлемді кемелердің жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың оқытушылары өздері сабақ берген топтардың түлектерінен емтихан алу жөніндегі емтихан комиссиясының құрамына енгізілмейді.
9. Емтихан билеттері мен тестілік бағдарламаны осы Қағиданың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бекітеді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2013 жылғы № 25 Қаулысымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi