Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 Қаулысы
Редакция 16.01.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысымен бекітілген
"Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігі туралы" техникалық регламент (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы, " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 желтоқсандағы, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары техникалық реттеу объектілері болып табылатын мына лак-бояу материалдары мен еріткіштерге: Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін лактар, бояулар, эмальдар, тығыздағыштар, бітегіштер, еріткіштер мен олардың қалдықтарына қолданылады. Техникалық реттеу объектілерінің тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) химиялық зат - табиғатта өндірілген немесе өнеркәсіптік жолмен алынған химиялық қосылыс немесе химиялық қосылыстар қоспасы;
2) зиянды химиялық зат - қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда адам организмімен жанасу кезінде жұмыс кезеңінде де қазіргі және одан кейінгі ұрпақ өмірінің барынша ұзақ мерзімінде де қазіргі заманғы әдістермен анықталатын жарақаттар, аурулар немесе денсаулық жағдайының ауытқуын, ауру тудыруы мүмкін химиялық зат;
3) лак-бояу материалы - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы, әсемдік немесе арнайы техникалық қасиеттері бар лак-бояу жабынын түзетін сұйық паста немесе ұнтақ түріндегі химиялық заттар қоспасы;
4) еріткіш - лак-бояу материалы құрамына кіретін және оның тұтқырлығын реттеу, пигментті еріту және/немесе материал бөлшектерін байланыстыру үшін қолданылатын сұйықтық түріндегі химиялық зат немесе химиялық заттар қоспасы;
5) су қосатын лак-бояу материалы - еріткіші су болып табылатын, тұтқырлығы суды қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;
Полная версия