Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7525 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 202 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 195 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.07.2013 жылғы № 202 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысымен (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) басқару органы – екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокерлерін қоспағанда) Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің тиісті басқару органы;
2) белгіленген сыйақы – қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбек нормаларын орындағаны үшін қызметкердің біліктілігі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны, сапасы мен талаптары ескеріле отырып төленетін еңбекақының (тұрақты жалақының) белгіленген мөлшері;
3) белгіленбеген сыйақы – қаржы ұйымының белгіленген сыйақыдан басқа жұмыс нәтижелеріне қарай төлейтін қаржы ұйымының акцияларын қоса алғандағы, ақшалай сыйақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың, сыйлықақылардың, бонустардың және материалдық көтермелеулердің басқа түрлерінің басқа нысандары;
4) қаржы ұйымы – екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;
2. Қаржы ұйымы қаржы ұйымының бизнес-жоспарына, қызметінің мақсаттарына, стратегиясына, бағыттарына және көлеміне, қаржылық перспективаларына, корпоративтік басқарудың тиісті және тиімді тетігін құруға және тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруға сәйкес келетін қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатты (бұдан әрі – ішкі саясат) әзірлеуді, ендіруді және қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
5) қаржы ұйымының лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлерге тәуекелдер деңгейі сақталған, қаржы ұйымы айқындаған мәндер шегінде капитал сақталған жағдайда стратегияға, бизнес-жоспарға және кірістер немесе айқындалған жұмыстарды орындау бөлігінде басқа да ішкі жоспарлы құжаттарға қол жеткізуіне қарай еңбекақы төлеу жүйесі;
1) қаржы ұйымының әрбір басшы қызметкеріне белгіленбеген сыйақының мынадай бөліктерінің біреуін төлеуді тоқтата тұру көзделеді:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.08.2019 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
белгіленбеген сыйақының жиынтығында қаржы жылы ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7500 еселенген мөлшерінен асатын бөлігін.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі тең үлестерге бөлінеді, олардың әрқайсысы белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі сомасының үштен бірінен аспайды және кемінде үш жылды құрайтын кезең ішінде әрбір он екі ай өткен соң төленеді.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігі қаржы ұйымының белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған кезекті бөлігін төлеудің алдындағы қаржы жылының нәтижелері бойынша зияны болған кезде атқарушы органның басшысына, сондай-ақ қаржы ұйымының лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлерге төленбейді.
Белгіленбеген сыйақының тоқтатыла тұрған бөлігін төлеуге қаржы ұйымы кепілдік бермейді және басшы қызметкер есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан босатылған жағдайда жүзеге асырылмайды.
2) қаржы ұйымының акциялары түріндегі белгіленбеген сыйақыны төлеу қаржы ұйымының осы акцияларды кері сатып алу міндеттемесінсіз осы акцияларды міндетті түрде кемінде 3 (үш) жыл иелену талабымен жүзеге асырылады (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокерлерінің қызметіне қолданылмайды);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) қаржы ұйымы басшы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігінің акционерлердің мүдделеріне сәйкес келетін және қаржы ұйымының жоспарланған нәтижелеріне және тиімді қызметіне қол жеткізуге бағытталған көрсеткіштерге негізделеді;
5) басқару органының мүшелері болып табылатын барлық тәуелсіз директорлардың келісімі болған кезде басқару органы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру брокерлерінің қызметіне қолданылмайды) бекітеді.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 74 қаулысына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 195 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қосымша алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)